2021 жылы көгілдір аспанға арналған Халықаралық таза ауа күнінің
тақырыбы – «сау ауа, сау ғаламшар», бұл ауаның ластану
проблемасының медициналық аспектісін, әсіресе COVID-19
пандемиясы кезінде көрсетті. Биылғы жылы барлық адамдар үшін
таза ауа қажеттілігіне басымдық беріледі, сондай – ақ тұрақты
даму саласындағы мақсаттарға, оның ішінде климаттың өзгеруі,
адамның және ғаламшардың денсаулығы сияқты басқа да маңызды
сұрақтарды қамту үшін неғұрлым кең ауқымда талқылау жүргізілуде.
Бұл күн біздің күш – жігерімізді біріктіріп, таза ауаға
құқығымызды білдіру үшін әрекетке шақыру ретінде қызмет етеді.















