2020 жылдың 24-25 маусым күндері Өскемен қаласында «Зубр»
әлеуметтік корпоративтік қоры «Жобаны тиімді басқару: өсу
нүктелері» тақырыбында оқыту семинар – тренингін өткізді.
Семинарда экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды
әзірлеу және іске асыру мәселелері қаралды.
Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы – экологиялық жобалар
бойынша «Бумеранг» мәдени-экологиялық бірлестігінің
серіктесі.Қорықтың атынан қатысқан өкілдер: аға ғылыми қызметкер
– Наталья Викторовна Премина және Карагоз Серикказиевна
Серекова- ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм
бөлімінің маманы.Семинар өте пайдалы, танымдық, қызықты өтті.
Экологиялық білім беру және биоәртүрлілікті сақтау саласындағы
ынтымақтастықтың жаңа перспективалары белгіленді.














