-
Аюлар жануарлар арасындағы жас түр болып есептеледі, оларға
бес миллион жыл ғана. Егер қолтырауындармен салыстырсақ, жасыл
тісті жыртқыштар 83,5 млн. жыл бұрын пайда болған. -
Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында қоңыр аю мекендейді.
Олардың санағы көктемгі кезеңде басталады. Бақылаулардың
мәліметтері бойынша аюдың апанынан шығуы 4-7 сәуірге түседі. -
Таралған түсінікке қарамастан, аюлардың барлығы қыста ұйқыға
кетпейді. Полярлық аюларда тек жүкті аналық аюлары ғана ұйқыға
кетеді екен. -
Аюлардың интеллектісі өте жоғары дамыған. Аюлар аңшылардың
қақпанын зиянсыз қыла алады, яғни қақпан бекер жабылсын деп
оған таяқ пен тас лақтырады екен. -
Аюлардың жақын туыстары биологиялық көзқараспен қарағанда
иттер, қасқырлар, қызық болса да түлкілер болып табылады екен. -
Аюлардың ішіндегі ең ірісі- полярлық аю, олардың салмағы жарты
тоннаға дейін жетуі мүмкін. -
Барлық аюлардың жүндері екі қабаттан тұрады, біреуі судан
қорғаса, екіншісі жылуды сақтауға көмектеседі. -
Ең ұзын тырнақтарымен малайлық аю мақтана алады- ұзындығы 10
сантиметрге жетеді екен. -
Жарты жылға созылатын ұзақ ұйқы кезінде аюлар өздерінің дене
салмағының жартысынан айырылады. -
Аюлардың барлық түрлері, полярлық аюдан басқалары қорек
талғамайтындар. Ақ аюлар тек етпен ғана қоректенеді. -
Аюлар өте жақсы жүзеді, тіпті ені бес немесе одан көп километр
өзен не көлді жүзіп өте алады екен. -
Аюлар өте жақсы жүгіреді, қажет болғанда аю жылдамдығын 60 км/
сағ. жеткізеді. -
Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне қарағанда аюлардың кейбір
түрлері, мысалға барибал- аюлар санай алады екен. -
Аю адамдарға көрінбес үшін ағаштың артында қозғалыссыз тұруы
мүмкін немесе тастың артына тығылып қалуы мүмкін















