Биыл Жер Сағаты сенбі күні, 28 наурызда, жергілікті уақыт
бойынша сағат 20.30 – 21.30 аралығында өтеді. Акция аясында
Жабайы табиғаттың бүкіләлемдік қоры (WWF) әлемнің болашағы үшін
бей- жай еместік белгісі ретінде 1 сағат көлемінде жарықты
өшіруге шақырады. Жер Сағаты дегеніміз не? 2007 жылдан бері
әлемдегі мыңдаған ең танымал ескерткіштер- Эйфель мұнарасы, Биг
Бен, Рим Колизейі, Барселондағы Әулиелер тобы храмы, Рио-де-
Жанейродағы Христос мүсіні, Ұлы Қытай қорғаны, египедтік
пирамидалар, Эмпайр-Стейт Билдинг және Бурдж-Халифа зәулімдері
және т.б.- Жер Сағаты өткен кезде қараңғыға батады. 2020 жылы
Халықаралық Жер Сағаты Қазақстанда он үшінші рет болады. Жер
Сағаты- әлемдегі ең жаппай экологиялық акция. Бұл: әлем бойынша
2 миллиард қатысушы. 180 астам мемлекет пен 7000 қатысушы- қала;
Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, адамзатты рационалды
табиғатты пайдалануға үйретіп және сақтауға болатын осы бір
маңызды халықаралық акциясына бей- жай қарамауға шақырады.















