Западно-Алтайский государственный природный заповедник

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілік ғимаратының аумағында сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында қорық қызметкерлері әкімшілік ғимараттың айналасын тазалап, аумақты қоқыстан арылтып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

🍃 Таза әрі көрікті қоршаған орта – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Табиғатты қорғау тек қорық аумағын сақтаумен шектелмейді, ол күнделікті тазалық пен ұқыптылықтан басталады.

Бірлескен еңбек арқылы туған өлкеміздің табиғи сұлулығын сақтауға өз үлесімізді қосамыз!

Тазалықты сақтайық – табиғатты аялайық! 🌱

#ТазаҚазақстан #БатысАлтайҚорығы #Сенбілік #ТабиғаттыҚорғайық #ТазалықОртақМіндет