
Тiптi шамалы абайсыздықтың өзi табиғатқа, жануарлар дүниесiне және тұтастай алғанда экожүйеге орны толмас зиян келтiретiн ауқымды орман өртiне әкеп соғуы мүмкiн.
Өрттерді болдырмау мақсатында келесі ережелерді сақтау қажеттігі туралы ескертеміз:
– арнайы жабдықталған орындардан тыс жерде от жағуға;
– жанып тұрған сіріңке мен шылым шегуді тастамау;
– тұтануға қабілетті шыны заттарды қалдырмау;
– құрғақ шөптер мен қоқыстарды жағуға;
– өрт қаупі бар кезеңде ормандарға баруға белгіленген шектеулерді қатаң сақтауға міндетті.
Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері аумаққа тұрақты мониторинг, профилактикалық іс-шаралар жүргізеді және кез келген өртке жедел ден қоюға дайын. Алайда табиғатты сақтау – бұл ортақ жауапкершілік.
Орманды оттан сақтаңыз. Өрттің алдын алу – қоршаған ортаны қорғаудың ең тиімді тәсілі.














