«Әділетті қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек» – мемлекет басшысы Қ.Токаев. Жыл
сайын елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл мереке алғаш
рет 2013 жылдан бастап тойлана бастады. Батыс-Алтай қорығы ұжымы мереке қарсаңында ұзақ
жылдар бойы жауапты да қажырлы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерін құттықтап, шағын
сый-сияпат табыстады.














