Азаматтарға әрқайсымыз өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеке үлес қоса алатынымызды еске
саламыз. Өрттің алдын алу-қоғамдық іс және өрт қауіпсіздігінің қажетті ережелерін сақтау өте
маңызды. Табиғатта демалыста жүрген барлық тұрғындарға мұқият және қырағы болуды ұсынамыз.
Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай. Өз өміріңізге және жақындарыңыздың
өміріне қауіп төндірмеңіз. Ормандағы тәртіптілік, саналы мінез-құлық және қарапайым өрт
қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау ормандарды өрттен сақтаудың кепілі болады. Бұл
әрқайсымыздың мүддеміз үшін.














