24 желтоқсанда ҒМЭАжТ бөлімінің ғылыми қызметкерлері «2024 жылға арналған Алтай ботаникалық
бағында ғылыми бағдарламалар мен гранттық жобаларды іске асырудың ғылыми-практикалық
аспектілері» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстел аясында Алтай ботаникалық
бағының ғылыми қызметкерлері 2024 жылы орындалған ғылыми зерттеулер шеңберінде алынған
нәтижелер туралы баяндама жасады. «Қазақстандық Алтайдың сирек кездесетін және жойылып бара
жатқан өсімдіктері» монографиясы жаңа академиялық баспа басылымының тұсаукесері өткізілді


















