23 шілдеде орман патологы А.Косаев «Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы»
РМҚК Семей БК директоры Е.Борисенкомен қорық аумағына бірлескен сапар жасады. Өткен жылдың
күзінде қатты желдің салдарынан пайда болған желсұлатпадан зардап шеккен орман учаскесіне
орман-патологиялық тексеру жүргізілді.



















