Западно-Алтайский государственный природный заповедник

Акцияға Риддер колледжі студенттері белсене атсалысып, аталған акцияға өз үлестерін қосты. Шара барысында өлкеміз тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Осындай шаралардың мақсаты — айналамызды таза ұстау, қоғам назарын экологиялық мәдениеттің, жауапкершіліктің, табиғатқа деген қамқорлықтың маңыздылығына аудару.

Жұмыла көтерген жұмыстың нәтижесінде:

  • 32 адам қатысты;
  • 2 га аумақ тазартылды;
  • 2,5 т қоқыс жиналды;

Қорық техникасымен арнайы қоқыс полигонына шығарылды.

Экоакцияға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Ортақ үйіміз табиғатымызды бірге қорғайық, сақтайық!