Западно-Алтайский государственный природный заповедник

19 қыркүйекте күні Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының 14 қызметкері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған өлкенің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған экологиялық тазалық сенбілігіне қатысты.

>

Іс-шара барысында мекемеге бекітілген аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жиналған 1 т. қоқыс арнайы полигонға шығарылды.

Таза әрі көрікті қоршаған орта – әрбір азаматтың жауапкершілігі.