Западно-Алтайский государственный природный заповедник

ҚР ЭжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 17.07.2024 жылғы бұйрығымен
Жомарткан Нурканович Мукашев «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директорының
орынбасары болып тағайындалды. Жомарткан Нурканович өзінің орман шаруашылығындағы еңбек
жолын 2004 жылы «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-де мемлекеттік инспектор
болып бастады, содан кейін 2005 жылдан 2011 жылға дейін орман шебері болып жұмыс істеді.
2011 жылдан 2017 жылға дейін ШҚО ТРжТПРБ «Өскемен орман шаруашылығы» КММ-де орманшы, бұдан
әрі орман шебері лауазымдарында жұмыс істеді. 2017 жылдан 2019 жылға дейін ШҚО ТРжТПРБ
«Пихта орман шаруашылығы» КММ-де орман шебері болып жұмыс істеді, 2019 жылдан 2021 жылға
дейін орманды қалпына келтіру бойынша бас инженер қызметін атқарды, 2021 жылдан 2024 жылға
дейін директордың орынбасары болды. Батыс-Алтай қорығының директоры Орсаринов Кайрды Абуевич
ұжымға директордың орынбасарын таныстырып, оған алдағы жұмысында табыс тіледі.