2024 жылдың 3 маусымында Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында «Парктер шеруі-2024»
табиғатты қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған «Музыкадағы табиғат», «Мәнерлеп оқу», «2024
жыл құсы – маубас жапалақ», «Саранка лалагүлі», «Сібір елігі» тақырыбындағы шығармашылық
байқауларының жеңімпаздары анықталып, мақтау қағазы мен сыйлықтар табысталды. Барлық
жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз.














