
Батыс -Алтай қорығының Қара Оба айналымында аңшылықтанушы Ж.Кінәзханов орнатқан фототұзақтан алынған кадрда: бұланның аналығы төлімен және аталығы тіршілік ету аймағында емін -еркін жүрген сәттері фототұзаққа ілікті. Бұлан Батыс -Алтай қорығындағы бұғы тұқымдасына жататын тұяқты жабайы жануарлардың ең ірісі болып табылады.
Аталық бұландар қыста энергиясын үнемдеу үшін күйек маусымынан кейін мүйіздерін тастайды. Көктемде мүйіздердің жаңа жұбы өседі. Ересек аталықтарының салмағы 400 кг –нан 620 кг дейін, аналықтары 360 кг нан 570 кг ға дейін жетеді.
Осындай кадрлар жабайы табиғаттың өзіндік заңымен тіршілік етіп жатқанын дәлелдейді. Табиғатты қорғау -ортақ парыз!














