Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.
Отырыс барысында «Туристік маусымның аяқталуы» тақырыбында есеп тыңдалып, туристік маусымның қорытындылары қарастырылды.
Жиынның негізгі мақсаты – туристік бағыттар бойынша атқарылған жұмыстарды саралау, туристерге көрсетілген қызметтердің нәтижелерін бағалау және алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындау.
Туризмді дамытуда табиғи аумақтардың бірегейлігін сақтау, экологиялық талаптарды орындау және қорықтың табиғи байлығын келер ұрпаққа аман жеткізу – басты басымдықтардың бірі.
🌱 Табиғатты сақтау – ортақ міндет, ал оны таныту – жауапты іс!




















