Западно-Алтайский государственный природный заповедник

🌱 Ашық экологиялық сабақ

Табиғатты қорғау – туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Қоршаған ортаны аялау, табиғи байлықтарды сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Осы мақсатта «Туған жер табиғаты – ортақ байлығымыз» тақырыбында 23 қазан күні Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының мамандары «Шаңырақ» көпсалалы мектеп -гимназиясының ашық 6 -сынып оқушыларына экологиялық сабақ өткізді.

📚 Сабақ барысында қатысушыларға туған өлкенің қайталанбас табиғаты, биологиялық алуантүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану туралы мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңыздылығы түсіндіріліп, экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған ой-пікірлер ортаға салынды.

🌲 Туған жердің табиғаты – баға жетпес байлығымыз. Оны сақтау, қорғау және келер ұрпаққа аманат ету – баршамызға жүктелген жауапкершілік.

#БатысАлтайҚорығы #ЭкологиялықАғарту #ТуғанЖерТабиғаты #ТабиғаттыҚорғайық #ЭкологиялықСабақ