Западно-Алтайский государственный природный заповедник

Риддер қаласының мәдени күндері аясында ұйымдастырылған «Туған жер – алтын бесігім» жобасы шеңберінде өткен көрмеге Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы да қатысты.

🌲 Көрменің басты мақсаты – туған өлкенің бай мұрасын дәріптеу, табиғи құндылықтарын таныту және өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрме барысында қорық мамандары Батыс-Алтайдың қайталанбас табиғаты, бай биоалуантүрлілігі, сирек кездесетін өсімдіктері мен жануарлары, сондай-ақ табиғи мұраны сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті.

Туған жердің табиғаты – ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жалғасатын баға жетпес байлық. Оны танып-білу, қадірлеу және қорғау – баршамызға ортақ міндет.

💚 Туған жерді тану – табиғатты аялаудан басталады!