Западно-Алтайский государственный природный заповедник

Орман тым-тырыс…

Адам жоқ.

Тек табиғаттың өзіне ғана мәлім соқпақ бар.

Бір сәтте сол соқпақпен жабайы жануар өтіп кетеді.

Ал дәл осы сәтті біз фототұзақтан көреміз. 📸

Бірақ… осы кадрдың артында кім тұр?

 

Бұл — қорықтың аңшылықтанушы маманы. Кінәзханов Жігер Нұржанұлы Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығында аңшылықтанушы болып 2022 жылдан бастап жұмыс істейді.

Ол фототұзақты жай ғана орнатып кетпейді. Жануарлар жиі жүретін іздерді зерттейді, қолайлы орынды таңдайды, құрылғыны тексереді, түсірілген материалдарды жинайды.

Кейде камера бірнеше күн үнсіз тұрады.

Кейде апталап бірде-бір кадр болмайды.

Бірақ бір күні…

Экранда табиғаттың өзі пайда болады. 🦌🌲

 

Бір кадр — жануардың қозғалысы туралы ақпарат.

Бірнеше кадр — оның тіршілігі туралы дерек.

Ал жиналған деректер табиғатты қорғау жұмысына үлкен көмек береді.

Фототұзақ — табиғаттың үнсіз көзі.

Ал сол көздің артында күн сайын ізденіп, бақылап, зерттеп жүрген маманның еңбегі бар.

Кадрда — табиғат.

Кадр сыртында — табиғатты қорғаған адам. 🌿

 

🌿 #ТабиғаттыңҮнсізСақшылары #Орманшылар #ПриродаКазахстана #WildlifeConservation #NatureOfKazakhstan