Табиғатты қорғау — оны жақсы көруден басталса, оны ғылыми тұрғыдан зерттеу — табиғаттың әрбір құпиясын терең түсінуге жол ашады.
Премина Наталья Викторовна Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында еңбек жолын 2001 жылы зертханашы болып бастаған қазіргі таңда аға ғылыми қызметкер болып 25 жыл еңбек етіп, осы жылдар ішінде қорықтың ғылыми-зерттеу жұмыстарына өз үлесін қосты.
Осы жылдар ішінде Наталья Викторовна ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ІІ дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» куәлікпен және көптеген алғыс хаттармен марапатталды.
Ширек ғасыр — табиғаттың өзгерісін бақылап, ғылыми деректер жинап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қорық аумағындағы табиғи үдерістерді зерделеуге арналған ұзақ та жауапты еңбек жолы.
🌲 25 жыл — тәжірибе.
25 жыл — ізденіс.
25 жыл — табиғатқа деген адалдық.














