Западно-Алтайский государственный природный заповедник

Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының бірқатар қызметкері қорық директорының Алғыс хатымен марапатталды.

Бұл марапат — табиғатты қорғау жолындағы адал еңбектің, кәсіби жауапкершіліктің және қорықтың бай табиғи мұрасын сақтау ісіне қосқан үлестің лайықты бағасы.

🌲 Табиғатты қорғау — үлкен жауапкершілікті, табандылықты және туған жерге деген шынайы сүйіспеншілікті талап ететін маңызды міндет. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген әрбір қызметкердің еңбегі құрметке лайық.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз!

Табиғатты қорғау жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын! 🌿