Западно-Алтайский государственный природный заповедник

🌲 Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының бірқатар қызметкері ҚР ЭжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төсбелгілерімен және Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қорықтың әрбір қызметкері табиғаттың тыныштығын күзетіп, оның байлығын сақтауға, бірегей экожүйелерді қорғауға өз үлесін қосып келеді. Олардың күнделікті еңбегі, кәсібіне деген адалдығы мен жауапкершілігі — ортақ жетістігіміздің негізі.

🏅 Мерекеге орай марапатқа ие болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз!