2023 жылдың 26 мамырында Батыс-Алтай қорығының қызметкерлері Катонқарағай МҰТП ұйымдастырған халықаралық өрт-тактикалық оқу-жаттығуларына қатысты. Оқу-жаттығу спартакиада түрінде өтті, онда 17 команда бір-бірімен жарысып, орман өрттерін сөндіруде өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.