«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында» 2023 жылдың 29 қарашасында жоспарланған оқу-жаттығу атыстары өткізілді. Оқу-жаттығу шарасы «Вертикаль» спорт кешенінде өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік инспекторлардың қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау, кәсіби машықтарын жетілдіру. Атыс кураторлары «БАМТҚ» РММ директорының орынбасары С. Баянбаев пен табиғи кешендер мен нысандарды күзету бөлімінің бастығы А. Биахметов болды. Шара «БАМТҚ» директоры Қ. Орсариновтың жетекшілігімен басталды. Шараның қорытындысы бойынша мемлекеттік инспекторлар үлкен тәжірибе алып, тағы да қару-жарақпен жұмыс істеу дағдыларын пысықтады. Бұл инспекторлық құрамның жұмыс сапасына және қызметтік міндетін орындауда өз қауіпсіздігі үшін сенімділігіне әсер етеді.