«Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ табиғи кешендер мен нысандарды күзету қызметі бөлімінің аңшылықтанушы маманы Ж.Кінәзханов және аумақ қорғау инспекторы К.Калигужанов «Қара Оба» айналымында биотехникалық шара сортаңдарды тұздау шарасын жүргізді.

Сортаңдар жануарлардың денсаулығын сақтау үшін қажетті минералды азықтандыру (тұз) бар арнайы дайындалған учаскелер болып табылады. Мұндай орындар тұяқты жануарлар үшін ерекше маңызды, өйткені олар өмірлік қажетті микроэлементтер тапшылығының орнын толтыруға, иммунитетті нығайтуға және организмнің қалыпты дамуына ықпал етеді.

Мұндай іс-шараның мақсаты жабайы жануарларды қажетті минералдық заттармен қамтамасыз ету есебінен олардың тіршілік ету жағдайларын қолдау және жақсарту болып табылады.

Сортаңдарды тұздау:

• жануарлар рационындағы тұз және микроэлементтер тапшылығының орнын толтыру;

• жануарлардың физиологиялық жай-күйі мен денсаулығын жақсарту;

• ауруларға төзімділікті арттыру;

• жануарларды есепке алу және мониторинг жүргізу үшін белгілі бір учаскелерге тарту;

• минералды заттарды іздеуде жануарлардың көші-қонын азайту, бұл олардың қорғалатын аумақтан тыс шығу қаупін азайтады.

Мұндай іс-шараларды өткізу табиғат қорғау қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады және орнықты экожүйелерді және жабайы фаунаның әл-ауқатын сақтауға бағытталған.