«Әділетті қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек» - мемлекет басшысы Қ.Токаев. Жыл сайын елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл мереке алғаш рет 2013 жылдан бастап тойлана бастады. Батыс-Алтай қорығы ұжымы мереке қарсаңында ұзақ жылдар бойы жауапты да қажырлы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерін құттықтап, шағын сый-сияпат табыстады.