«Парктер шеруі 2025» табиғат қорғау акциясы аясында «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ қызметкерлерімен «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қамқорлығына алынған балалары мен әлеуметтік қызметкерлерінің қатысуымен «КӨҢІЛДІ СТАРТ» спорттық шаралары ұйымдастырылды.

Табиғат аясындағы бұл шараға балалар қызыға қатысып, көтеріңкі көңіл- күймен оралды.