Орман – табиғаттың баға жетпес қазынасы, тіршілік атаулының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ең асыл байлықтардың бірі. Ол бізге таза ауа сыйлайды, су ресурстарын сақтайды және мыңдаған өсімдіктер мен жануарлардың мекені болып табылады. Орманды қорғау – табиғатты ғана емес, болашақ ұрпақтың өмір сапасын сақтау деген сөз.
Жаз мезгілінде өрт қаупі күрт артады. Өрттің басым бөлігі адамның салғырттығы салдарынан туындайды. Бір ғана сөндірілмеген темекі тұқылы, алау немесе шыны сынығы орны толмас экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.
Өрт қаупі бар маусымда төмендегі ережелерді қатаң сақтаңыздар:
🍃 Орманда от жақпаңыздар;
🍃 Темекі тұқылын жерге тастамаңыздар;
🍃 Қоқыс пен шыны қалдықтарын қалдырмаңыздар;
🍃 Құрғақ шөпті өртемеңіздер;
🍃 Өрт белгілерін байқасаңыздар, дереу жауапты қызметтерге хабарлаңыздар.
🌿 Орман – басты байлығымыз!
🔥 Өрт қаупі бар маусымда өрт қауіпсіздігін сақтаңыздар!
Табиғатты бірге қорғайық!














