Жыл сайын 22 мамырда бүкіл әлемде Халықаралық биологиялық әртүрлілік күні - табиғатты, жануарларды, өсімдіктерді және планетамыздың бірегей экожүйелерін сақтаудың маңыздылығын еске түсіретін күн атап өтіледі.
Биоәртүрлілік - жер бетіндегі өмірдің негізі. Ормандар ауаны тазартады, өзендер су береді, өсімдіктер мен жануарлар табиғи тепе-теңдікті сақтайды. Адам денсаулығы мен келесi ұрпақтың болашағы қоршаған ортаның жай-күйiне байланысты.
Бүгінде табиғатқа ұқыпты қарау: ормандар мен су қоймаларын сақтау, қоршаған ортаны ластамау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және экологиялық бастамаларды қолдау ерекше маңызды. Тіпті кішкентай игі істердің өзі табиғат байлығын сақтап қалуға көмектеседі.
Биологиялық әртүрлілікті сақтау - бұл әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. 🌱💚














