«Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ қызметкерлері Т.В. Эктова мен Д.О. Матков 11-12 мамырда Алтай (Зырян) ауданының мектептеріне, соның ішінде Серебрянск қаласының «№2 орта мектебі» КММ, «№6 орта мектебі» КММ және Алтай қаласының «Алтай ауданының жас натуралистер станциясы» КММ эколого-ағартушылық дәрістерімен барды. Балаларға біздің өлкеміздің табиғатын қорғау мен сақтаудың маңыздылығы туралы, оқушыларды Батыс- Алтай қорығының табиғатты қорғау, ғылыми және экотуристік қызметімен таныстырып, жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы, сондай-ақ оқушыларды «Парктер шеруі» халықаралық табиғат қорғау акциясы туралы ақпарат беріліп, қатысуға шақырылды.