«Парктер шеруі 2026» акциясы аясында «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ ұйымдастыруымен қорық аумағындағы «Ақ Оба» кордонында Достық үйі «Шеберлер қаласы» студиясының басшысы И.А. Недобитконың жетекшілігімен тастарға сурет салу шеберлік класы өткізілді.

Шараға «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қамқорлығына алынған балалары мен әлеуметтік қызметкерлері қатысты.

Түрлі түсті бояуларды пайдалана отырып, әр бала шығармашылық қабілеттерін дамытты. Таза ауа, әсем табиғат көріністері балаларға оң әсерін тигізді.

Шеберлік класы аяқталған соң рекреация және туризм маманы Т.В. Эктова танымдық мақсатта жалпы қорық табиғаты туралы әңгімелеп, қорық аумағына шағын экскурсия жасады.