«Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ ұйымдастырылған іс-шараға А.М.Феклистовтың басшылығымен Риддер колледжінің Л-24 тобының сдуденттері, қорық қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығы», «Тiрек-Опора» қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Барлық белсенді жандардың бірлескен күш-жігерінің арқасында Журавлиха өзеніне жақын жерде жиналған қоқыс жиналып, шығарылды.
Іске қосылған техника - тракторлар, тиегіштер және «Камаз» автокөліктерінің көмегімен көп жұмыс атқарылды. Іс-шараны өткізуге «Риддер қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ және «Эталон» ЖШС фирмасы баға жетпес қолдау білдіріп, жәрдемдесті. Жұмыла көтерген еңбектің нәтижесінде 99 текше метр қоқыс жиналып, шығарылды. Барлық қатысушылардың, ал олардың саны 66 адамның күшімен туған өлкенің тазалығын сақтауда үлес қосылған әрі маңызды әрі қажетті жұмыс жүргізілді.














