19 қыркүйекте Риддер қаласының тілдер орталығы Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен кездесіп, Мемлекеттік тіл - ұлттарды ұйытушы фактор тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің маңыздылығы, шараларды ұйымдастыруды мемлекеттік тілге басымдылық берудің қажеттілігі жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан тілге, ұлтқа, дінге басқа да көрсеткіштерге қарай алалауға тыйым салынғаны туралы сөз қозғалды. Толеранттылық бірінші кезекте болуы тиісітігі алға тартылды. Шара алдында барлық қатысушыларға АЭС құрылысы туралы ақпарат берілген «Мой город Риддер» газетінің арнайы шығарылымы таратылды, және 2024 жылғы 6 қазанда өтетін референдумге қатысуға шақырылды.