Кеңесте өткен кезеңдегі жүргізілген жұмыстардың қорытындылары, проблемалық мәселелерді шешу
жолдары талқыланды. Инспекция тыңдау қорытындысы бойынша қорықтың басшылығына ормандарды
өрттен қорғау және заңсыз ағаш кесу, ғылыми-зерттеу, экологиялық-ағарту және
туристік-рекреациялық қызмет бойынша жұмыстарды жүргізуге ерекше назар аудару ұсынылды,
сондай-ақ мекеменің басқару жоспарына сәйкес барлық бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру
ұсынылды.
Табиғат қорғау мекемелерін тыңдау бойынша бұл жұмыс ай сайын жүргізілетін болады.