2026 жылғы 15–16 маусым күндері «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық-ағарту және туристік маршруттардың рекреациялық сыйымдылығын есептеу және экотуризмді басқару» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысына «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ мамандары, Катунь биосфералық қорығының (Ресей), Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының, Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері, Риддер қаласы әкімдігінің өкілі, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері қатысты.

Қатысушылар экологиялық туризмді дамыту, туристік ағындарды басқару және маршруттардың рекреациялық сыйымдылығын есептеу мәселелерін талқылап, табиғатты қорғау саласындағы тәжірибелерімен алмасты.

Семинардың тәжірибелік бөлігінде қатысушылар «Эталон западного Алтая» және «Заповедные дали» экологиялық маршруттарына барып, қорықтың табиғи кешендерімен танысты. Маршруттар қонақтарда ерекше жағымды әсер қалдырды.