Оқу-жаттығу шарасы «Вертикаль» спорт кешенінде өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік инспекторлардың қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау, кәсіби машықтарын жетілдіру. Атыс кураторлары «БАМТҚ» РММ директорының орынбасары С.Баянбаев пен ТКмНКҚ бөлімінің бастығы А. Биахметов болды. Шара «БАМТҚ» директоры Қ.Орсариновтың жетекшілігімен басталды. Шараның қорытындысы бойынша мемлекеттік инспекторлар үлкен тәжірибе алып, тағы да қару-жарақпен жұмыс істеу дағдыларын пысықтады.