2016 жылдан бастап «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де директордың орынбасары қызметін атқарған Людмила Николаевна Винокурова биыл 61 жасқа толды – лайықты демалысқа шығу уақыты. Осыған байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің атынан Людмила Николаевнаға биоалуантүрлілікті сақтауға және өңіріміздің экологиялық жағдайын жақсартуға қосқан елеулі үлесі үшін грамота табыс етілді. Ол 21 жылын қорықта жұмыс істеуге арнады. Людмила Николаевна орман шаруашылығындағы қызметін экологиялық білім және туризм бөлімінің бастығы қызметінен бастады, содан кейін директордың орынбасары болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта ол қорықта ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінде экологиялық білім беру инженері қызметін жалғастыруда. Құрметті Людмила Николаевна, Сізге денсаулық, амандық және барлық болашақ бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! #марапаттау #БАМТҚ #қорық