Мамыр айында «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын ұйымдастырған болатын, Хариузовка өзенінің жағасын тазалау мақсатында, акциямызға бей- жай қарамайтын қала тұрғындары қатысып, тағы бір мәрте өздерінің Жер- Анамыз- басты байлығымыз және оны қорғау, таза ұстау қажеттігін дәлелдеді.
Бәрі туған өлкенің экологиясы мен Жер-Ана табиғатының игілігі үшін жұмыс істеді. Қолғабыс көрсеткен Риддер қ. «Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мен «Эталон фирмасы» ЖШС бірлесе отырып, совхоз ықшам ауданы аумағындағы Хариузовка өзенінің жағасынан 10,3 текше метр жиналған қоқыс шығарылды.
Акция қатысушылары шыны және пластикті бөтелкелерді, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды жинады. Қала тұрғындарға, жеке кәсіпкерлерге айтарымыз қоқысты орман жаққа, табиғаттың көрікті жерлеріне қарай шығармаңыздар. Қаланың барлық тұрғылықты орындарында қоқыс жинайтын арнайы полигондар бар, контейнерлер орнатылған.