Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Орман қоры аумағында өрт қауіпі бар кезеңде орман өрттерін болдырмау мақсатында:

❌ орманда және оған іргелес аумақтарда от жағуға;

❌ сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылын лақтыруға;

❌ құрғақ шөпті өртеуге;

❌ орманда тез тұтанатын материалдар мен қоқыс қалдыруға;

❌Ашық отты арнайы бөлінген орындардан тыс жерде пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Тіпті кішкене ұшқынның өзі ірі орман өртін тудырып, табиғатқа, жануарлар әлеміне және адамдардың денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін.

Орманға ұқыпты қарау - әркімнің міндеті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау болашақ ұрпақ үшін табиғи байлықты сақтауға көмектеседі.