Бүгін бүкіл әлемде жойылып бара жатқан түрлердің дүниежүзілік күні - табиғатқа ұқыпты қарау және флора мен фаунаның сирек кездесетін өкілдерін сақтау қажеттігін еске түсіретін күн атап өтіледі.
Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында өсімдіктердің 883 түрі бар, 27 түрі Қызыл кітапқа енгізілген.
Жануарлардың 230 түрі, сүтқоректілердің 57 түрі бар. Құстардың 162 түрі, оның 120 түрі ұя салады, жорғалаушылардың 4 түрі, қосмекенділердің 2 түрі бар. Балықтардың 5 түрі бар, 1 түр Қызыл кітапта. Қызыл Кітапқа енгізілген түрлер: бүркіт, лашын, ителгі, үкі, қара дегелек, сұр тырна, таймен балығы, Иконников жарқанаты.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады.
Есіңізде болсын - бәрі де біздің қолымызда!














