Іс-шара барысында «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ қызметкерлері Коноваловка ауылындағы бұлақтың іргелес аумақтарын тұрмыстық қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Мұндай экологиялық іс-шаралар табиғи су көздерін сақтауға, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін жақсартуға, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұлақтар табиғи экожүйенің маңызды бөлігі, таза су көзі және биологиялық әртүрлілікті сақтаудың маңызды элементі болып табылады. Оларды қорғау және таза ұстау - болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтауға қосқан ортақ үлес.
#Парктершеруі2026
#ТазаҚазақстан
#Мөлдірбұлақ
#Чистыегоры2026














