Орман дегеніміз не, әркім азды-көпті жақсы біледі. Орманның адамға пайдасы туралы көптеген кітаптар жазылды, көптеген фильмдер түсірілді. Орман бізге өз жерімізде өмір сүруге көмектесетіндігі сөзсіз, өйткені ол энергия көзі және құрылыс материалы болғандықтан, орман аймақтарында салыстырмалы түрде қауіпсіз экологиялық жағдайды сақтауға көмектеседі.
Біздің елімізде соның ішінде орман шаруашылығында қызмет ететін мамандардың басты назары табиғатты қорғау және оның жан-жануарлар дүниесіне қамқор болу, жанашырлық таныту, оларды дала өрттері мен басқа да апаттардан қорғаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз аң аулап, табиғат байлығын орынсыз пайдалануға жол бермеу болып табылады.
Орман шаруашылық мекемелері жоғарыда айтып өткеніміздей жұмыс жасап,орман алқаптарын кеңейту мен жануарлардың, аң-құстардың қорғалуына ат салысып келеді.
Бүгінгі мерекеге орай бұл салада қызмет ететін әрбір маманның еңбек жолы, атқаратын қызметі, жетістіктері жайлы айтып өткен артық болмайды.
«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директорының орынбасары Винокурова Людмила Николаевна биыл 60 жасқа толды, оның 20 жылын осы мекемедегі қызметіне арнады. Людмила Николаевна орман шаруашылығындағы қызметін экологиялық ағарту және туризм бөлімі бастығынан бастап, қазіргі таңда директордың орынбасары қызметінде. Қорықта жұмыс барысында түрлі конференцияларға, семинарларға қатысып, өзін білікті, білімді маман ретінде көрсетіп, сондай-ақ, көптеген мақтау қағаздарына, алғыс хаттарға ие болды.