19-23 маусым аралығында Алматы қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасы мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен семинар–тренинг өтті. Бұл семинарға еліміздің барлық ЕҚТА-дың баспасөзге жауапты мамандары қатысты. Семинар-тренинг SMM, әлеуметтік желілер және мобилографиямен дұрыс жұмыс жасау мақсатында өткізілді.