11 қыркүйекте ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің ғылыми қызметкері және орман патолог инженері қорық аумағына далалық іс-сапар жүргізді. Іс-сапардың мақсаты: Табиғат жылнамасына қажетті бақылауларды жүргізу, ғылыми тақырып бойынша сынамалық алаңды белгілеу, ағаштарды тұтастай өлшеп есепке алу, санитарлық жағдайын бағалау.