Жыл сайын 5 маусымда әлем жұртшылығы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтеді. Қазақстанда бұл күн Эколог күні ретінде мерекеленеді. Аталған мереке 1972 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында бекітілген.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні – бұл: адамзаттың табиғатты сақтау жауапкершілігін арттыруға бағытталған күн; экологиялық проблемаларға назар аударып, шешімін іздейтін жаһандық үндеу; қоғамды табиғатты аялап, ресурстарды ұтымды пайдалануға шақыратын маңызды шара.