Биыл Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының құрылғанына 34 жыл толып отыр.
Отыз төрт жыл бойы қорық ұжымы Батыс Алтай өңірінің қайталанбас табиғи кешендерін, бірегей биоалуантүрлілігін, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, экологиялық ағарту ісін дамытуға және табиғатты қорғау ісіне өлшеусіз үлес қосып келеді.
Қорық – табиғаттың асыл қазынасын болашақ ұрпаққа сол қалпында жеткізуді мақсат еткен қасиетті мекен. Оның әрбір жетістігі – табиғатты қорғауға адал қызмет етіп жүрген мамандардың кәсібилігі мен табанды еңбегінің нәтижесі.
Осы айтулы мереке күні қорықтың ардагерлері мен қызметкерлеріне табиғатты қорғау жолындағы ерен еңбектері үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Табиғатты қорғау – болашақ алдындағы қасиетті міндет!
Табиғатты қорғаймыз – болашақты сақтаймыз!


















