2 шілдеде қорық әкімшілігі аумақты қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен бірлесіп қолданыстағы экологиялық-ағартушылық бағыттардың трассаларын тексеру бойынша рейд өткізді. Өте маңызды және уақытылы өткізілген іс-шара соқпақтардың жай-күйін, келушілерге қолайсыздық тудыратын күрделі учаскелерде кедергілердің болуы мен жойылуын нақты бағалауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, рейд барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтың табиғат қорғау режимінің сақталуы тексерілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
















