Іс шара барысында ғимарат маңы және қорық аумағы тазартылып, гүлзарлар әктеліп, ретке келтірілді.Осылайша әрбір қызметкер айналаның тазалығын сақтауға үлес қосты.

Мұндай экологиялық акцияларды өткізу қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға, тазалық пен тәртіпті сақтауға, сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.

Табиғи аумақтардың тазалығын сақтау - бұл қоршаған ортаны қорғауға және болашақ ұрпақ үшін қолайлы жағдайлар жасауға ортақ үлес. «Таза Қазақстан» акциясы адамдарды табиғатқа қамқорлық пен оның байлығын сақтаудың маңызды мақсаты төңірегіне біріктіреді.