30 шілдеде «Астана Халықаралық университеті» ЖШС мен «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес студенттік істер жөніндегі АСД бөлімінің басшысы б.ғ.д. А.Б.Мырзағалиевамен, D087 ББ докторанты Ж.К. Алемсейтовамен және Батыс-Алтай қорығының ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің аға ғылыми қызметкері Н.В. Преминамен бірлесіп қорық аумағына шығу жүзеге асырылды. Шығу мақсаты қорық аумағында және оған іргелес жерлерде Қызыл кітапқа енген, эндемикалық өсімдік түрлерін зерттеу және сақтау, популяцияның таралуын анықтау.