Ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау - әрбір азаматтың міндеті.

Белгiленген талаптарды бұзу орман өрттерiнiң туындауына, табиғи экожүйелердiң, жануарлар мен өсiмдiктердiң жойылуына, сондай-ақ едәуiр материалдық залал келтiруге әкеп соғуы мүмкiн.

Естеріңізге саламыз, орман қорында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Тыйым салынады:

* тыйым салынған жерлерде от жағу;

* құрғақ шөптер мен қоқыстарды өртеу;

* сөндірілмеген от және темекі тұқылын қалдыру;

* өрт қауіпті кезеңде ашық отты пайдалану;

Азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз, орманды қорғау және табиғатты сақтау - әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.